Әлеуметтің әлсіз тобы үшін газ бағасында арнайы жеңілдік бар. Олар жалпы жұртқа арналған тарифтен төмен төлейді.
Статистикалық мәліметке сүйенсек, елімізде миллионға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек, 32 мың отбасы тұрғын үй көмегін алады екен.
Халықтың ең осал топтары – тұрғын үй көмегін қажет ететін аз қамтылған азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін ҚР-да газ бағасының әдеттегіден 20% төмен арнайы тарифтері белгіленген. Мысалы, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушыларына тауарлық газды сатудың бөлшек сауда бағасы АӘК және ТК алушылар үшін еліміздің 11 облысы мен 3 негізгі мегаполисінде 20% төмендетілді. Айталық, Қызылорда облысында 1 м3 газ бағасы 13,0 теңге болса, мұқтаж отбасылар үшін 10, 4 теңге. Яғни 2,6 теңгеге төмен.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!