«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының бастамасымен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі мен өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қызылорда облысы Әділет департаментінің, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері және облыстық филиал директорының орынбасары Жанар Ахетова және басқарма басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің уақтылы әрі сапалы қаралуын қамтамасыз ету, сонымен қатар жергілікті халыққа көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру болды.
Кездесу барысында корпорация қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тұрғындардан келіп түсетін өтініштердің мазмұны, жиі қайталанатын сұрақтар мен олардың шешілу жолдары бойынша талдау жасады.
Өз кезегінде Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдері азаматтармен жұмыс жасаудағы бірқатар нақты мәселелерді көтеріп, оларды шешуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесу соңында тараптар тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және келіп түсетін өтініштердің уақытылы әрі тиімді қаралуы үшін өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!