«АрселорМиттал Теміртаудың» еншілес компаниясы «Құрылысмет» ЖШС-да ұсталық-престеу цехында шатыр опырылды, – деп хабарлайды Inbusiness.kz
Теміртау ТЖБ мәліметінше, 23 қаңтарда түстен кейін № 11 жылыту пешінің үстінде жалпы ауданы 72 шаршы метр болатын екі жабын плита опырылған. Апат демалыс күні болғандықтан ешкім зардап шеккен жоқ. № 11 жылыту пешінің қосалқы алаңы мен инженерлік конструкциясы зақымданған.
Басылым «АрселорМиттал Теміртау» өз сайтында да, әлеуметтік желілерде де болған оқиға туралы хабардар етпегенін атап өтті, сондай-ақ комбинатта бұрын болған осындай оқиғалардың тізімін келтірді.
2018 жылғы 26 наурызда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Тұрғын үй эксплуатациялық қызметі ПВС-да үшінші және төртінші қазандардың арасында 32 жабын плита опырылған. Бір адам зардап шекті.
2018 жылғы 23 сәуірде АМТ аглоөндірісінің бөлшектеу-сұрыптау фабрикасының № 4 қоймасында 2500 шаршы метр алаңда шифер шатыры опырылған. Зардап шеккендер жоқ.
2019 жылдың 23 сәуірінде бірінші конвертерде тарсыл болды. Цехтың 50 шаршы метрден астам шатыры +42 метр белгісінде деформацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!