Сенбі, 23 қараша, 03:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салмақ болды»: Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті желідегі ақпаратқа қатысты пікір білдірді

06.09.2022

892 0

Әлеуметтік желіде Ұлттық мұражайдың директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салмақ болғаны туралы ақпарат тарады. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Желідегі мәліметке сәйкес, тергеу изоляторында өзіне қол салған. Алайда қолының сіңірін жарақаттап, медициналық көмек көрсетілген. 

Ақпаратқа қатысты пікір білдірген комитет өкілдері мұны жоққа шығарды. Арыстанбек Мұхамедиұлының өзіне қол салғаны рас, алайда бұл 2022 жылдың мамырында уақытша ұстау изоляторында болған. Кейін ол ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлының ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат тараған. Дегенмен бұрынғы мәдениет министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай бұл туралы пікір білдіріп, ақпаратты растады. Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне қол салмаған, тек аяғын емдету үшін ауруханаға жатқанын мәлімдеген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: