Астанада әлеуметтік желілер арқылы демалысқа арналған арзан жолдамалар ұсынған алаяқ ұсталды. Полиция мәліметінше, жас жігіт түрлі курорттар мен шипажайлардың фотосуреттері мен бейнежазбаларын пайдаланып, жалған жарнамалар жариялап отырған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол тұрғындарға жолдаманы «ерекше жеңілдікпен» ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұраған. Алайда ақша аударылғаннан кейін байланысқа шықпай, ізін суытқан.
Құқық қорғау органдарының дерегінше, бірнеше азамат алаяқтың құрбанына айналған.
Ол әлеуметтік желілерде курорттық жолдамаларды сату туралы хабарландыру жариялаған. Үлгі ретінде түрлі демалыс орындарының фото-бейнематериалдарын қолданған, клиенттерге баспананы брондауды ұсынып, алдын ала төлем жасауды сұраған. Ақша алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!