Сейсенбі, 24 маусым, 16:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№46,2159
24.06.2025
PDF мұрағаты

Ашық есік күні өтті

24.06.2025

57 0

Бүгін Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Оған ардагерлер, журналистер, белсенді жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсаты – қоғаммен ашық әрі сенімді байланыс орнатып, департаменттің қызметі, міндеттері және заманауи тәсілдерімен таныстыру. Қатысушылар интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, «дропперлік» қылмыстар сынды жаңа сипаттағы қаржылық құқықбұзушылықтармен күресте қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер туралы тың ақпарат алды.

Бас қосуда облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңесұлы сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдеріне алғыс айтып, марапаттар табыстады. Сондай-ақ аналитикалық талдау бөлімінің басшысы Қайрат Ахметов презентация жасап, бейнематериал көрсетті. Онан бөлек сала ардагерлеріне сөз беріліп, олардың пікірлері тыңдалды.    

Шара барысында қатысушыларға арналған шағын интерактивті ойын ұйымдастырылып, қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған аналитикалық, практикалық және мотивациялық сұрақтар қойылып, қатысушылар пікірталасты.

Кеш соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс айтып, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарымен және жастармен бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Қызылорда облысы бойынша

экономикалық тергеп-тексеру

департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: