Бейсенбі, 21 қараша, 18:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Ashyq қосымшасында ақау пайда болды

20.05.2021

2337 0

Ashyq қосымшасы жұмысында мәртебені анықтау бойынша техникалық ақаулар пайда болды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі техникалық ақаулар себебі анықталып жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақау жойылғанға дейін пайдаланушыларға балама әдіс ретінде Aitu қосымшасын қолдану ұсынылды.

«Бірнеше апта бұрын BTS Ashyq-ты Aitu қосымшасына біріктіруді ұсынды. Біз келістік. Неліктен Aitu? Біріншіден, BTS мемлекетпен жұмыс істейді. Яғни, оларда жарияламау және деректердің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік туралы қол қойылған меморандумдар бар. Екіншіден, Aitu-да республикалық база деректері жоқ, ол тек ақпарат алады. Қазір Aitu пилоттық режимде жұмыс істейді», – деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: