Ресейлік дәрігер Александр Мясников аспиринді ең қауіпті дәрілердің бірі деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы дәрігер ресейлік телеарналардың біріне берген сұхбатында айтқан.
«Бүгінде ең көп адам өліміне себеп болып отырған ең қауіпті дәрі қандай? Ресейде? Аспирин», – дейді дәрігер.
Мясниковтың айтуынша, басқа елдерде дәрігерлер адамның өміріне қауіп төндіретін тамырлардың тарылу жағдайы болмаса, аспирин тағайындауды тоқтатқан. Дәрігер аспириннің қан сұйылтатын қасиеті салдарынан миға қан құйылу мен күшті қан кетулерге әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.
Бұған дейін дәрігер Елена Малышева да аспириннің қауіпті екенін ескерткен еді. Оның айтуынша, бұл дәрі асқазаннан қан кетуге себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ дәрігер препаратты балаларға беруге тыйым салынғанын атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!