Дүйсенбі, 25 қараша, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Ассамблея жастар» ұйымы жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

27.01.2023

882 0

Достық үйінде Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы «Ассамблея жастар» ұйымының және «Мәміле» клуб мүшелерінің отырысы өтті. Жастар ұйымы, клуб мүшелерінің белсенділерімен облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай және өңірлік «Ассамблея жастар» ұйымының жетекшісі Елена Пак кездесті.

«Өңірдің дамуына жастардың қосар үлестері қомақты. Жастар қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан олардың қызығушылықтарына құлақ түріп, дамытуға жол ашу аса маңызды. Осы арнада сіз бен біз болып жұмысты ілгерлетуіміз керек»,- деді Айбек Дайрабай.

Еркін форматта кездесуде ұйымның жаңа жетекшісі таныстырылды. Енді ұйымның жұмысын тіл жанашыры, «Абай қазынасына саяхат» клубының мүшесі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Елизавета  Есмаева жүргізеді. Ол кездесу аясында өңірдегі ассамблея жастар ұйымын кешенді дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Өзіне артылған сенімді ақтауға, жастармен бірлесіп жаңаша жобаларды жүзеге асыруға қолынан келгенше атсалысатындығын айтып өтті.

Шараға облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Ким де қатысып, жастармен жұмыстың бүгінгі күндегі негізгі бағыты – мемлекеттік тілді үйрену екендігін,  қоғамдық негіздегі жұмыспен айналысатын жастың бойында патриоттық сезім міндетті түрде болуы тиістігін атап өтті. Әр жасқа сол арқылы болашаққа жол ашылатындығын алға тартты.

Осы ретте түрлі этностардың жастарына қазақ тілін үйренетін алаң ашу, экология мен қоршаған ортаны қорғау жобаларын жүзеге асыру, Tik tоk каналдарында белсенді болу жолдары айтылды.

Кездесу соңы өзара пікір алмасып, жобаларды талқылауға ұласты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: