Сенбі, 19 сәуiр, 08:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

«Ассамблея жастары» ұйымының белсенді мүшелерін марапаттады

17.04.2025

407 0

Достық үйінде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың қатысуымен кездесу өтті. Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, сондай-ақ «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері қатысты.

Кездесу барысында 7-8 сәуір күндері өткен «Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың Алғыс хаттары табысталды.

– Құрметті әріптестер, баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл «Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумы – ел бірлігін дәріптейтін, жастардың белсенділігін арттыратын, мәдениеттер үндестігін насихаттайтын үлкен алаң болды. Сіздердің ынтымақпен атқарған еңбектеріңіз осы шараның сәтті өтуіне негіз болды. Алдағы уақытта да бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болсын, – деді Шахмардан Асқарұлы.

"Ассамблея жастары" ұйымының белсенді мүшелерін марапаттады

Кездесу соңында қатысушылар естелік суретке түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: