Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ассамблеяның рөлін арттыру маңызды

08.12.2022

670 0

Кеше М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы ҚХА қоғамдық құрылымдарының рөлі» тақырыбында республикалық дәріс өтті. Оған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен өткен лекторийге Түркістан облысы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылым жетекшілері мен мүшелері және колледж студенттері қатысты.

Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары,  модератор Алмасбек Есмаханов Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының рөлін күшейту және арттыруда кез-келген мемлекет үшін қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтудың маңызы жоғары екендігін атап өтті.  Өйткені, ол тұрақтылық пен ұлттық бірліктің нығаюының кепілі деген ол аталмыш дәрістің маңыздылығы жоғары екендігін айтты.

Алғашқы дәрісті Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сейдулла Садықов бастады.

– Өркениет өнегесі – өз дәстүріңмен өмір сүру. Бұл мақсатта да Қазақстан мемлекеті барлық этнос өкілдеріне молынан мүмкіндіктер беріп, бар қажетті жағдайды жасап, қамқорлығына алып отыр. Тарих бізді көпұлтты ел ретінде қалыптастырды. Оны біртұтас мығым мемлекетке айналдыру үшін бізге тыныштық пен бірлік аса маңызды. Қазір жер бетінде тыныш жатқан ел кемде-кем ғой. Осыны еске алғанда, «шүкір, еліміз тыныш» деп кеудемізді кере бір тыныстап қаламыз. Ол – ең алдымен біздің елімізді мекендеген ұлыстардың татулығының, дәстүрлі достығының, мемлекетіміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саясатының арқасы деп білеміз, – деді профессор.

Басқосуда сондай-ақ, Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Аналар кеңесінің мүшесі Гүлмира Наурызбаева өз тәжірибелерімен бөлісті. Ол «Түркістан Аналар кеңесінің» атқарған ауқымды жұмыстарын айтып, арнайы бейнеролигін көпшіліктің назарына ұсынды. Ал, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, қоғамдық медиатор, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы медиация кеңесінің мүшесі Бақытжан Бейсембаев  медиация жүйесінің көптеген дауларды тиімді шешуде, ұлтаралық даулар мен отбасылық ынтымақты сақтауда өзінің тиімділігін дәлелдеп үлгерген институт екенін тілге тиек етті.

Дәріс аясында Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясының мұғалімі Наталья Григорева және «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Индира Раван-Нахчивани тіл тағдырына тоқталып, қазақ тілін үйрену мен оны ілгерлету бағытында өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Шарада колледж студенттері көкейдегі сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптар алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: