Дүйсенбі, 24 ақпан, 00:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Астана – Ақтау бағытындағы ұшақтан өрт шықты

23.02.2025

96 0

Бұл туралы FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

– Бүгін, 2025 жылдың 23 ақпанында, Астана – Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты. Өртті әуе компаниясының бортсеріктері жедел сөндірді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі, – делінген хабарламада.

Рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылды. Барлық жолаушыларға билеттерін тегін қайта брондау немесе ақшасын қайтару мүмкіндігі қолжетімді.

Осыған дейін Қазақстан ұшақтары қауіпсіз бе, деген бағытта арнайы талдау материалын жариялаған едік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: