АСТАНА. KAZINFORM — Cheonan World Dance Festival 2025 халықаралық фестивалі Оңтүстік Кореядағы Чхонан қаласында өтті, деп жазды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Бес күнге созылған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 4000-нан астам биші жиналды. Олар түрлі мемлекеттердің мәдениетін таныстырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Әлемдік сахна төрінде қазақ би өнерінің жауһарына айналған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тәтидің хореографиясына қойылған «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық концерттік бағдарламасы ұсынылды.
«Астана Балет» театрының әлемдік сахнада өнер көрсетуі қазақ мәдениетінің ғасырлар бойғы мұрасын көпшілікке насихаттауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін театрдың Оңтүстік Кореядағы халықаралық фестивальге қатысып, ел намасын қорғайтыны туралы жазғанбыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!