Жексенбі, 15 маусым, 22:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 – 2156
14.06.2025
PDF мұрағаты

Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады

15.06.2025

94 0

Астана күніне байланысты қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана күні жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл күн елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген тарихи дата.

Биыл 6 шілде жексенбі күніне түсіп тұр. Еңбек заңнамасына сәйкес, мерекелік күн демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Сондықтан 7 шілде, дүйсенбі – демалыс күні болып бекітіледі.

Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар 5, 6 және 7 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Демалыс күндерінің кестесі:

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 5, 6 және 7 шілде – демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 6 және 7 шілде – демалыс, 5 шілде – жұмыс күні.

Соған сәйкес, шілде айында:

  • Бес күндік жұмыс кестесінде істейтін азаматтар 9 күн демалады: 5, 6, 7, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 шілде.
  • Алты күндік жұмыс кестесіндегі азаматтар 5 күн демалады: 6, 7, 13, 20 және 27 шілде.

Фото: depositphotos.com

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: