Әлеуметтік желілерде елордалық жеңіл рельсті көліктің (LRT) сынақтан өткізілу сәтінен бейнежазба тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектың айтуынша, алғашқы пойыздың маршруты “Абу-Даби” аялдамасына дейін жетіп, әрі қарай Мәңгілік Ел даңғылындағы көпір бағытына қарай қозғалады.– Тестілік кезең 3–6 айға созылады.– Қазан айында қосымша 8 пойыз жеткізіледі.– Желтоқсанға дейін барлығы 18 құрам дайын болады.– Алдағы жылдың басынан бастап пойыздар толыққанды жұмыс істейді деп жоспарлануда.– Жобалық жолақы құны — 200 теңге.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда трамвайдың қайта іске қосылатынын хабарлаған едік.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!