Астанада Қытайдан келген гүлдерден қауіпті зиянкес анықталған. Осылайша 1600 гүл өртелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Астана халықаралық әуежайындағы фитосанитарлық бақылау пунктінің жұмысшылары гүлдер қауіпті зиянкес жұқтырғанын анықтаған.
1600 қалампыр Қытайдан әкелінген.
«Іріктелген сынамалар Республикалық өсімдіктер карантині орталығына карантиндік зертханалық сараптама жүргізу үшін жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша қалампырлардан батыс гүл трипсі инфекциясы анықталды», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Мамандар әкімшілік хаттама жасап, істі сотқа жібергені атап өтілді.
Ауданаралық мамандандырылған соттың шешімімен өнімдер өртелді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!