Бейсенбі, 20 ақпан, 01:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Астанада «Сергек» камераларының жұмысы тоқтайтын болды

16.02.2025

128 0

Фото: Артём Чурсинов

Елордада 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан “Сергек” жобасы биыл 13 наурызда аяқталады. Бұл туралы Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Дидар Сүлейманов мәслихат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Сергектің” орнына Астанада жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқарудың жаңа жүйесі іске қосылады. Бұған дейін мәслихат отырысында жаңа жоба таныстырылғанын жаздық.

Дидар Сүлеймановтің сөзінше, жаңа жоба G42 холдингіне кіретін халықаралық Presight компаниясымен (БАӘ) бірлесіп жүзеге асырылады.

Жаңа жобаны әзірлеу кезінде қазіргі жүйенің кемшіліктері ескерілді. Атап айтқанда, аппараттық-бағдарламалық кешеннің үздіксіз жұмыс істеуі үшін тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету жоспарланған. Сонымен қатар жүйенің негізгі элементтері, соның ішінде жалпы бейнебақылау камералары, оптикалық байланыс желісіне қосылады, бұл бейнеағынды тұрақты түрде беруге мүмкіндік береді, – деді Дидар Сүлейманов.

Қазіргі таңда операторлар бейнеағынды беру үшін 4-5 түрлі WMS-жүйелерін пайдаланады, бұл олардың жұмысын қиындатады. Жаңа жоба аясында бірыңғай бейнеағын беру жүйесі енгізіліп, мониторинг тиімділігі арттырылады.

Қолданыстағы инфрақұрылым жаңа жеке серіктестің басқаруына беріледі, бұл жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Жоба аясында:

• 22 мың жалпы бейнебақылау камерасы,
• 732 аппараттық-бағдарламалық кешен – жол қиылыстарында,
• 470 аппараттық-бағдарламалық кешен – сызықтық учаскелерде орнатылады.

Жүйе ЖҚЕ-нің 15 түрін бұзуды және 35 түрлі бейнеаналитиканы тіркейді.

Спикер атағандай, жоба 2030 жылға дейін жоспарланған, ал оның инвестиция көлемі – 53 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландыру толығымен жеке серіктес есебінен қамтамасыз етіледі, ал жұмыстың 60%-ын қазақстандық компаниялар орындайды. Инвесторға төлемдер тек нысан толық пайдалануға берілгеннен кейін ғана жүргізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: