Жұма, 06 маусым, 04:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Астанада тұрғын үй кешені отқа оранды

04.06.2025

143 0

Сурет: stan.kz видеоскрин

Астанадағы «Семь бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігі кешеннің бір блогының қасбетінде орналасқан қаптама материалы өртенгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Желіде тараған видеодан кешеннің қызыл жалынға орынғаны көруге болады. Кадр сыртында адамдар оттың өте жылдам таралып жатқанын айтып жатты.

«Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің қасбетінің сыртқы қаптамасы жанып жатыр. Қазіргі уақытта ТЖМ өрт сөндірушілері отты сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр. Өрт шыққан жерді полиция қызметкерлері қоршауға алды. Барлық тұрғындар эвакуацияланды. 

Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 45 қызметкері мен 13 техника бірлігі жұмылдырылды.

«Өртті оқшаулау шаралары қабылданып жатыр. Өртті сөндіру үшін бірнеше су құбыры тартылды. Алайда өрт сөндіру жұмыстары кіреберіс жолдардың жоқтығынан қиындап отыр», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ведомствоныың мәліметінше, өрт 01:39-да ауыздықталды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: