Дүйсенбі, 06 қазан, 16:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Астанада туысы үшін басы дауға қалған шенеунік қызметінен кетті

06.10.2025

134 0

Фото:gov.kz

Алтай Әлі Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Көлік министрінің бұйрығымен Алтай Әлі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», – деп жазылған хабарламада.

Алтай Әлі туралы не белгілі?

Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

  • Еңбек жолын 2005 жылы «Рахат Палас» қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.
  • 2010-2011 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ субсидиялау департаментінің менеджері.
  • 2014-2015 жылдары – Астана қалалық сотының бас маманы.
  • 2015-2018 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.
  • 2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі болды.
  • 2018-2019 жылдары – Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі.
  • 2019-2020 жылдары – Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
  • 2021 жылғы ақпаннан бастап 2023 жылға дейін Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін не белгілі?

Жуырда шенеуніктің басы дауға қалды. Желіде «қарапайым жұмысшы» Ербол Құлымбет бір жарым жыл жұмыс істегеннен кейін Жамбыл облысында Көліктік бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Жазбада «оның қызметте бұлай өсуіне Көлік министрлігінде жұмыс істейтін Алтай Әлімен туыстық байланысы себеп екені» айтылды.

Кейінірек Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алтай Әлінің әкесі мен Ербол Құлымбеттің анасы туған ағайынды екенін анықтаған еді. Десе де агенттік «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес мұндай туыстық қатынас жақын туыстар немесе жекжаттар санатына жатпайтынын мәлімдеді.

Соған қарамастан Ербол Құлымбет өз еркімен қызметінен босатылды.

Ал Алтай Әлі бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі) болып тағайындалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: