Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы төлемдер бөлінеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап.
«Астана мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, әлеуметтік көмек біржолғы ақшалай төлем түрінде 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі», – деп хабарлады Астана жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұсынған ресми деректерге сәйкес, Астанада Қарттар күніне орай 100 мыңнан аса зейнеткер ақшалай көмек алады.
Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда аталып өтеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!