Италияның NEOS әуе компаниясы Астанадан Миланға рейстер ашады. Алғашқы ұшақ Қазақстанның астанасынан 8 шілдеде ұшады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана әуежайының мәліметінше, рейстер Boeing 787 Dreamliner ұшағымен орындалады.
«Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының пайда болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізеді», – делінген хабарламада.
Италияның Neos әуе компаниясының басшысы Лупо Раттацци 2024 жылдың 19 қаңтарында президент Тоқаевпен кездесуінде Астана мен Рим, сондай-ақ Астана мен Милан арасында тікелей әуе қатынасын ашу жоспары туралы айтқан еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!