Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Астаналықтар жәрмеңкедегі тәжік тәрелкелерін алып кеткен

28.08.2023

734 0

Астанадағы EXPO аумағында өткен тәжік жәрмеңкесі белгіленген мерзімнен 2 күн бұрын аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана әкімдігінің мәліметінше шара 26-29 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұл үшін Астанаға Соғды облысынан 300-ге жуық шаруа келіпті. Жәрмеңкеде көкөніс, жемістер мен дәстүрлі бақша мәдениеті, бал, тәттілер мен сусындар секілді 1000-нан аса өнім сатылған. 

Жәрмеңке кезінде астаналықтар көрмеге қойылған жеміс-жидектерді де алып кеткен. Бұдан кейін киіз үйді әсемдеу үшін қойылған тәжік тәрелкелерін де алып кеткен. 

Бұған қарамастан Тәжікстан халқы қазақстандықтарға реніштері жоқ екенін жеткізді. 

«Астана, Алматы мен Шымкентте ұйымдастырылған көрме-жәрмеңке қазақ халқына арналды. Біреудің алма, жүзім, сары қауын мен қарбыз алғанында тұрған ештеңе жоқ. Жәрмеңкенің мақсаты – табиғаттың сыйымен бөлісу. Палау секілді ұлттық тағамдар да дайындалды. Кейбірі тағамның дәмін татса, кейбірі өзімен алып кетті. Барлығына ұнады деп ойлаймын», – деді Душанбе тұрғыны Дилшод Негматов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: