Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Ұйымдастылған науқан агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 15,5 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 96,8%-ы жиналды. Нәтижесінде 25,9 млн тонна астық бастырылған.
Дәнді дақылдардан бөлек, 2,9 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,5 центнер өнімділікпен 2,7 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,6 млн тонна көкөніс жиналған. 319,3 ц/га өнімділікпен 441,6 мың тонна қырыққабат, 429,4 ц/га өнімділікпен 1029,8 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,1 ц/га өнімділікпен 379,4 мың тонна сәбіз жиналған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!