Жұма, 22 қараша, 01:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды баспана кезегіне қою мерзімі қысқарады

14.04.2022

963 0

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй қорынан баспана алу есебіне қою 3 айға дейін қысқартылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында балалар құқықтарын қорғауға қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау кезінде сенатор Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасының негізгі қағидаларына тоқталған сенатор:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін есепке қою мерзімін 6 айдан 3 айға дейін қысқарту бойынша түзетулер енгізіледі», – деді.

Оның айтуынша, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске, егер кәмелетке толмаған балаға туысы, өгей әкесі (шешесі) тұлғасында дереу қамқоршы тағайындау қажет болса, тиісті органдар психологиялық даярлықтан өткізбестен қамқоршылықты белгілеуге құқылы болады.

Қазіргі заңнама бойынша баланы алу үшін 1 жыл психологиялық дайындықтан өту керек.

«Мұнымен қоса, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын тек астанада, облыстарда, қалалаларда ғана емес, аудан орталықтарында, қолданыстағы ауруханалар мен емханалардың базасында құру бойынша жергілікті атқарушы органдарының құзіреті бекітіледі. Аталған норма ауылдық, аудандық елді мекендегі ерекше қажеттілігі бар балалар үшін тұрақты оңалту қызметтері қолжетімді етпек. Үнемі медициналық процедураларға мұқтаж балаларды толыққанды қамтуға жол ашады», – деді Ләззат Сүлеймен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: