Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Атамекен» балалар ауылында жылыжай ашылды

27.03.2022

1113 0

Қызылорда қаласындағы «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Наурыз мейрамы тойланды. Ұлттық мереке қарсаңында демеушілердің көмегімен салынған жылыжай пайдалануға берілді.

Балалар ауылындағы думанды тойға келген «Мелиоратор» ЖШС-ның директоры, белгілі меценат Бердібек Мыханов пен облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова жылыжайдың лентасын қиды. 

«Атамекен» балалар ауылында жылыжай ашылды

Жылыжай іске қосылған сәттен бастап балалар ауылында «Еңбектену мұратым» айдарымен еңбекке баулу және экологиялық тәрбие жұмыстары қолға алынған. Әр сенбі сайын аталған жоба аясында ауыл балалары өз үйлерінің аумағын тазалап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Олар жылыжайда жұмыс істеп, көктемде еккен дақылдарын жаз бойы күтіп-баптап, күзде жинап алады.

«Атамекен» балалар ауылында жылыжай ашылды

Химиялық қоспаларсыз таза табиғи дәрумендермен тамақтандыруды, баланы еңбекке баулуды көздеген жанашыр жандардың бұл көмегіне атамекендік балалар алғысын білдірді.

«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры Лиза Ысқақованың айтуынша ауыл балалары республикалық балалар байқауынан жүлделі орын алып, 200 мың теңге ұтып алған. Аталған қаржы жаңадан ашылып жатқан жылыжайдың жұмысын жандандыруға жұмсалмақ. 

Екі жыл бұрын мен осы қаламыздағы балалар ауылымен таныстым. Бұған дейін мен мұндай отбасының барынан хабарсыз екенмін. Төккен тер, еткен еңбегіміздің арқасында талай жетістікке жетіп жатырмыз. Өзіміз үшін атқарылып жатқан дүние көп әрине. Бірақ осындай қайырымдылық іс-шаралардан да қалыс қалмауға тырысамыз. Осы балаларға жылыжай салу туралы ұсынысты қуана қабылдадым. Бала тәрбиелеу, оны жетілдіріп қатарға қосу деген үлкен жұмыс. Кейде үлкен адамдарды да тәрбиелеуге тура келіп жатады. Сондықтан да мұндағы жұмыс тобының еңбеі өлшеусіз. Менің көмегім мұнымен тоқтап қалмайды. Мен сіздерді қашан да демеуге, қолдау көрсетуге дайынмын, – дейді меценат Бердібек Мыханов.

Салтанатты рәсім балалар ауылындағы Наурыз мерекесіне ұласты. Қазақтың киіз үйі тігіліп, алтыбақан жанында балалар айтысы өтті. Қонақтар шығармашылық ұжымның өнерін тамашалап, балалардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдардың көрмесі ұсынылды. 

Мен 10 сыныпта оқимын. Біздің отбасымызда 7 бала бар. Барлығымыз тату-тәтті, ауызбіршілікте өмір сүріп жатырмыз. Домбыра, би үйірмелеріне қатысамын. Жылда асыға күтетін Наурыз мейрамы биыл да ерекше өтті. Мен шуақты көктеммен қатар келетін ұлттық мерекемізді жақсы көремін. Қазақтың барлық салт-дәстірлері мен ұлттық ойындары таныстырылып, балаларға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Бір жағынан ұлтымыздың тарихын, мәдениеті мен дәстүрін танып-білуге көмектеседі, – дейді «Үшқоңыр» отбасының тәрбиленушісі Маржан Әуезханова.

Baq.kz

«Атамекен» балалар ауылында жылыжай ашылды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: