Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Атақты балуан Дәулет Тұрлыханов баласы үшін кешірім сұрады

16.02.2023

783 0

Сурет ашық дереккөзден

Атақты спортшы Дәулет Тұрлыханов баласының әрекеті үшін жұрттан кешірім сұрады. Даңқты балуан ұлының ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жыққаны дәлелденсе, заң алдында жауап беретінін де айтты, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Адвокаттар полицияға арыз түсірп қойған. Олар  бірнеше күн бұрын 19 жастағы Нұрасыл Болаттың қызға қол көтергенін көріп араша түспек болғанда өзімізге күш көрсетті деп отыр. Қазір аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Олег төрт күн бұрын даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың баласынан таяқ жегенін айтады. Заңгер болып жұмыс істейтін азамат атақты спортшының ұлы бір қызды аяусыз ұрып жатқанын көріп жұбайыммен бірге араша түсіпті.

«Сол кезде ашуға булыққан жас жігіт маған жұдырық ала жүгіріп, соққыға жықты»  дейді.

«Біз бар болғаны «қызды жібер, ұрма» деп айттық. Сосын ол мені ұрды, құлап қалдым. Қайта тұрып едім, тағы жұдырық сілтеді. Сосын тепті. Бір-екі рет жерге алып ұрды. Денесі ірі, спортпен шұғылданатыны көрініп тұр. Менің қабырғам сынды. Денемнің бәрі көгерген. Бетімдегі ісік енді қайтты. Басым әлі ауырады», – дейді Олег Чернов.

Олегтің әйелі де осы кикілжің кезінде ауыр соққы алған. Анна Чернова Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жағынан ұрып сұлатып түсіргенін жеткізді. Жерге оңбай құлаған әйел иығын жарақаттапты.

«Қазір жағым ауырады. Тамақты әрең шайнаймын. Қолым көгерген, иығымның сіңірі созылған. Мен құлаған соң есімнен айырылыл қалдым. Сол күнді есіме алғым келмейді. Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз. Кімнің баласы болса да, заң алдында жауап беруге тиіс»,  – дейді Анна Чернова.

Қоғамда қызу талқыға түскен оқиғадан кейін «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды.

«Аталмыш дерек ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» дерегі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қала прокуратурасына жіберілді», – дейді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов тентек ұлының әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Танымал спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында: «балам кінәлі болса, заң алдында жауап береді» деген жазба қалдырды.

«11 ақпанға қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелетке толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын»,  – деп жазды ол..

Ал дауға себеп болған 19 жастағы Нұрасыл Болат Гвардейский кентіндегі гарнизонда борышын өтеп жүрген сарбаз екен. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, төбелес күні қатардағы жауынгер отбасылық жағдайға байланысты демалыста болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: