Сенбі, 07 маусым, 22:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Атқарушылық іс жүргізу туралы

26.05.2025

62 0

Атқарушылық іс жүргізу — борышкерден өндіріп алуды, оның ішінде өсімпұлдар, шығыстар және жеке сот орындаушысының қызмет ақысын мәжбүрлеп орындатуға бағытталған процесс. Бұл істе өндіріп алушы мен борышкер тараптар болып табылады.

Өндiрiп алушы — өз пайдасына атқарушылық құжат берілген тұлға, ал борышкер — сол құжаттағы талаптарды орындауға міндетті тұлға. “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заңына сәйкес, борышкер құжатты орындамағаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жауаптылық борышкерді өз міндетінен босатпайды.

Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында борышкердің сот актісін уақтылы орындауға кедергі келтіретін әрекеттері (мысалы, мекенжай ауысқаны туралы хабарламау, талаптарды орындамау) анықталған жағдайда, ол тұлға жауапқа тартылуы тиіс деп көрсетілген. ӘҚБтК-нің 669-бабына сәйкес, атқарушылық құжатты орындамаған борышкер әкімшілік жауапқа тартылады. Бұл — сот актісін орындаудан жалтару, бірақ қылмыстық құрам жоқ деген сөз. Ал егер әрекет қылмыстық сипат алса, ҚК-нің 139-бабы бойынша қудаланады.

Атқарушылық іс жүргізу мерзімі заң бойынша 2 айдан аспауы тиіс (егер заңда өзгеше көрсетілмесе). Мерзімінде орындамаған жағдайда, борышкер әкімшілік жауапқа тартылады. Заңды тұлға борышкер болған жағдайда, жауапкершілік тікелей лауазымды тұлғаға жүктеледі.

Сот орындаушысының қаулысын немесе заңды талабын орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 670-бабына сәйкес жауаптылық қарастырылады. Борышкерді әкімшілік жауапқа тарту үшін мемлекеттік сот орындаушысы хаттама толтырып, сотқа жолдайды. Ұсынымда борышкердің немесе басқа тұлғалардың қандай әрекеттері сот актісінің орындалуына кедергі болғаны нақты көрсетілуі тиіс.

Ұсынымға келесі құжаттар қоса тіркеледі:

          •        Атқару парағының көшірмесі

          •        Атқарушылық істің қозғалғаны туралы қаулы

          •        Сот актісін орындамауды растайтын құжаттар

Қылмыстық қудалау органдары бұл ұсынымдарды ҚПК-нің 179, 180, 181, 185-баптарына сәйкес қарайды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастайды немесе материалдарды тергеулігі бойынша жолдайды.

Г.Сұлтанова,

«Арал ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының басшысы-аға сот орындаушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: