Жексенбі, 02 ақпан, 00:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Атырауда полицейлер шатырдан секірмек болған 19 жастағы жігітті құтқарып қалды

01.02.2025

51 0

Видеодан скриншот

1 ақпанда Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция дерегіне сәйкес сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.

“Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті”, – делінген хабарламада. 

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды. 

Қазір азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: