Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешендер салынып жатыр

22.08.2022

1213 0

Атырауда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін екі кешен салынып жатыр. Жаңа кешендердің құны 2,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқовтың мәліметінше, биыл қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу көрсеткішін 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Биыл Атырау қаласында жеке инвесторлардың қаржысымен қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін кешендердің құрылысы басталған. Жаңа кешендердің қуаты – жылына 225 мың тонна.

Мәселен, «ПромЭкология» ЖШС-ға сұрыптау-өңдеу кешенінің құрылысы үшін қаланың сол жақ бөлігінен 30 гектар жер телімі берілген. Шаһардың оң жақ бөлігінен қоқысты қайта өңдеу зауытын салу үшін «ГринСитиКлининг» ЖШС-ға 5 гектар жер учаскесі бөлінген. Екі кешеннің құны 2,5 млрд теңгені құрайды.

«Биыл «ГринСитиКлининг» ЖШС-нің қаржысына салынып жатқан кешен іске қосылады. Ал, «Промэкология» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтауды көздеп отыр. Жаңа кешендер нысаны пайдалануға берілгеннен кейін ескі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіру жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар толықтай іске асырылғаннан кейін, нақтылай айтқанда, 2025 жылға қарай ауаға таралатын жағымсыз иістер, сондай-ақ, жерасты суларының зиянды заттармен ластануы азаяды. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу көрсеткішін 33%-ға жеткізу жоспарланып отыр», -деп мәлім етті Нұрлан Жантоқов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда заңсыз алаңға төгілген 2 300 тонна қоқыс жиналғанын жазған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: