Жексенбі, 11 мамыр, 12:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34,2147
10.05.2025
PDF мұрағаты

Атырауда жарылыс болды

07.03.2025

273 0

Фото: Видеодан кадр

Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ қарасты «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Батыс Прорва кен алаңының N437 ұңғымасында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

PetroCouncil.kz порталы таратқан мәліметке сүйенсек, перфорациядан кейін, сорапты-компрессорлық құбырды түсіруде газ шығуы орын алған.

Бұл сорапты-компрессорлық құбырдың істен шығуына әкеліп соқтырды. Зардап шеккендер жоқ. ЕМГ жедел штабы шұғыл шаралар жүргізуде: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Оқиға орнында «Ақ Берен» ЖШС, «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС», «СОП Атырау» ЖШС мобильді күзет жұмыс істеп жатыр, – делінген «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: