Жұма, 22 қараша, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Атышулы Айжан Байзақова көпшілікке күйеуін көрсетті

10.04.2023

920 0

Екінші рет тұрмысқа шыққан блогер Айжан Байзақова ұзақ уақыт жасырған күйеуін көрсетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Блогер қанша құпия ұстауға тырысқанымен оның жеке өміріне қызығушылық танытатындар көп. Желідегі парақшасында күйеуімен, ұлымен бірге түскен суретін жариялаған ол көпшіліктен ештеңе жасыру мүмкін емес екенін айтты.

“Күйеуімді суретке түсіріп, хайп ұстамақ болғандар қаншама?! Оның суретін менен басқаның бәрі жариялап тастады. Оны барлығы біледі, бәрі көріп алған. Біреуді басқалардан жасырғың келген кезде көпшіліктің тарапынан оған деген қызығушылық екі есеге артады. Ешкім бізді суретке түсірмес үшін сол қызығушылықтың өртін өшіретін сәт жеткен сияқты. Ұлым Аланды да дәл солай көрсетпеген болатынмын. Бірақ онымнан да түк шықпады. Біз қарапайым отбасымыз. Біздің үш мұрнымыз, бес қолымыз жоқ. Кейде тыныштықты қалаймыз. Бірақ мен тыныш өмір сүре алмайтын сияқтымын. Бір өтінерім, маған не жазсаңыздар да көтеремін, бірақ отбасыма тиісе көрмеңіздер», – деп жазды Айжан Байзақова.

Сурет: ©instagram.com/bayzakova

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: