Алматыда автобус аялдамаға соғылып, қоғамдық көлікті күтіп тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:35-те Алматының Жетісу ауданында болған.
Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Солтүстік сақина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, басқаруды жоғалтып алды. Нәтижесінде автобус бордюр тасына және аялдама кешеніне соғылған. Сондай-ақ сол сәтте аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып өткен, – деді полицейлер.
Жол апаты салдарынан екі адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың бірі аялдамада тұрған жаяу жүргінші, екіншісі автобустың жолаушысы.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
