Жексенбі, 28 желтоқсан, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Автобуста 18 жастағы жігітті пышақтап кеткен

28.12.2025

58 0

Фото: Видердан скрин

Автобуста дау шығып, салдарынан 18 жастағы жігіт аяғынан жарақат алды. Куәгерлер әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Куәгерлердің айтуынша, жантүршігерлік жағдай №107 автобуста болған. 18 жастағы жігіт терезе ашпақ болған.  Басқа жолаушығабұл ұнамай, ұрыс-керіс төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде бір жолаушы екіншінің аяғына пышақ тығып алды.

Жарақат алған адамның аяғынан қан ағып, автобустың іші қан-жоса болды. Жүргізуші автобусты тоқтатып, оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция шақырылды. Фельдшерлер келгенге дейін жолаушылар жігіттің аяғын орамалмен байлаған. Жедел жәрдем бригадасы келіп алғашқы көмек көрсетті.

Келген полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қарағанды облысының полициясы оқиғаның объективті және жан-жақты тергеліп жатқанын мәлімдеді. Ведомство тергеу полиция департаментінің бақылауында болады деп сендірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: