Сейсенбі, 02 желтоқсан, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Автокөліктер лизингпен беріліп жатыр ма?

02.12.2025

40 0

Фото: pixabay.com

Үкімет отырысының брифингінде БАҚ өкілдері Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтан кеше басталған автолизинг жөнінде сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министр кеше лизинг бойынша алғашқы шарт Алматы қаласында жасалғанын айтты. Алайда лизинг компаниясының өкілінің айтуынша, бірінші шарт пилоттық режимде және бастапқы жарнамен жасалған.

Кеше бірінші жоба пилоттық режимде өтті. Бұл жоба Allur компаниясымен серіктестікте жасалды. Бұл жобада негізгі ұсыныстары заңды тұлғалар шарттарымен бірлестіріп жасадық. 10 пайыз бастапқы жарнамен, 15 пайызбен 3 жылға берілді, – деді ФортеЛизинг басқарма төрағасының орынбасары Саят Бөпежанов.

Бөпежанов бұл жоба лизингті заңды тұлғаларға берген шарттар негізінде жасалғанын атады.

Біз басқа жердің халықаралық тәжірибесін қарадық. Олар бойынша бізде жарнасыз да беріледі. Мөлшерлеменің төмендеуі ары қарай жетілдірілетін болады. Ол үшін біз осы пилоттық режимді қарастырдық. Қазірдің өзінде бірқатар ұсыныстар шығып отыр, – деді лизинг компаниясының өкілі.

Сонымен қатар брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев автолизингтің кредиттен айырмашылығы мен негізгі артықшылықтарына тоқталды. 

Лизингтің кредиттен айырмашылығы мүлік лизинг алушыға өтпейді, лизинг берушіде қалады. Лизинг сомасы толық өтелмейінше меншік иесі лизингтік компания болады. Кез келген уақытта лизинг объектісін, яғни автокөлікті лизингтік компанияда ауыстыруға мүмкіндігі бар. Ол – бірінші артықшылығы. Екінші артықшылығы лизинг берілген кезде несие тарихының ықпалы аз болады. Лизингтен өткен адамның шарты ертеңгі күні несие тарихында ескерілмейді, – деді комитет төрағасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: