Жексенбі, 15 наурыз, 17:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Автоволонтерлер дауыс беруші қарттарға көмек көрсетуде

15.03.2026

61 0

Фото: Жалағаш ауданы

2026 жылғы 15 наурызда елімізде республикалық референдум өтіп, ел тарихындағы маңызды саяси науқан жүзеге асуда. Бұл күні әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, мемлекет болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігіне ие.

Осыған орай Жалағаш ауданында да тұрғындардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Солардың бірі – автоволонтерлердің тегін көлік қызметін ұйымдастыруы.

Автоволонтерлер дауыс беруші қарттарға көмек көрсетуде

Жалағаш кенті бойынша белсенді азаматтардан құралған автоволонтерлер тұрғындарды дауыс беру учаскелеріне тегін жеткізіп, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қолдау көрсетуде. Бұл бастама әсіресе қарт адамдар мен жеке көлігі жоқ тұрғындар үшін үлкен көмек болуда.

Айта кету керек, Жалағаш ауданының тұрғындары қайырымдылық пен қоғамдық игі істерден қалыс қалмайды. Қоғамға пайдасын тигізуді мақсат еткен жүрегі кең азаматтардың қатары жыл сайын артып келеді.

Әрбір саяси науқан кезінде игі дәстүрге айналған бұл бастама биылғы республикалық референдум барысында да жалғасын тауып, тұрғындардың белсенді қатысуына өз үлесін қосуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: