Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша орындар ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық тасымалдаушы қолайсыз ауа райы жағдайларына және бірнеше автожолдың уақытша жабылуына байланысты қосымша көлік қызметін ұйымдастыру жөнінде жедел шаралар қабылдады.
Осыған орай Павлодар, Екібастұз, Ерейментау, Шідерті, Көкшетау және Бурабай курорты бағыттарынан Астана қаласына қатынайтын пойыздарда жолаушылар үшін қосымша орындар ұйымдастырылды.
Осылайша, 2025 жылғы 16 желтоқсанда төмендегі пойыздар арқылы жолаушыларды отырғызу көзделген:
- №7502 «Астана – Павлодар» (Ерейментау станциясынан отырғызу);
- №139 «Павлодар – Пресногорьковская» (Ерейментау станциясынан отырғызу);
- №6830 «Көкшетау – Астана» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
- №7508 «Көкшетау – Астана Нұрлы жол» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);
- №045Ц «Павлодар – Түркістан» (Екібастұз және Шідерті станцияларынан отырғызу).
Ұлттық тасымалдаушы көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жедел шараларды тұрақты түрде қабылдап, қолайсыз ауа райы жағдайларында жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайтынын хабарлады.
«Азаматтарды жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және алыс сапарлардан уақытша бас тартуға шақырамыз», – делінген хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
