Арал ауданында өтіп жатқан референдумға ауданның өнер саласының өкілдері де белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Арал қаласындағы №46 референдум учаскесіне бір топ мәдениет саласының қызметкерлері келіп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанда азаматтық міндеттерін орындады.

Аудан мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген өнер иелері мұндай тарихи кезеңдерде халықтың белсенді болуы маңызды екенін атап өтті. Олардың айтуынша, елдің болашағы әр азаматтың жауапкершілігіне байланысты.
Өнер адамдарының белсенділігі тұрғындарға үлгі болып, қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің маңызын көрсетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
