Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аудан жастарына сұраныстағы мамандықтар бойынша оқыту семинары өткізілді

06.07.2023

860 0

Қоғамдық даму басқармасының бастамасымен аймақ жастарына арналған бірнеше бағдарламалар мен жобалар жүзеге асуда. Басым бағыты — жастар саясаты, мәдени, адамгершілік және рухани құндылықтар, азамат бойындағы еңбексүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық қасиеттер секілді қағидаттарға сүйенеді. Сондай-ақ, жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шараларға тарту, өмірлік қажетті дағдыларға баулу мақсатына әртүрлі жағдайлар жасалған.

Дегенмен, жастар арасында жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі соңғы үш жылдың ішінде 4,3 пайыздан 4 пайызға дейін төмендеді. Талдау нәтижелері негізінде ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі соңғы жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға төмендесе, керісінше әйелдер арасында 0,5 пайызға артқандығы байқалады. Тұрғылықты жері бойынша қалалық жерде төмендеу байқалғанымен, ауылдық деңгейде жұмыссыздық барысы тұрақты.

Биыл аймақ бойынша еңбек нарығына 22807 жұмыссыз жастың келуі күтілуде. Яғни, жоғарғы оқу орындарынан 5 мыңнан астам (5193), техникалық және кәсіптік оқу орындарынан 3 мыңнан астам (3455), орта білім беру орындарынан (2468) және NEET санатындағылар 11 мыңға жуық (11297).
Жалпы осы еңбек нарығына келген жастарды жұмыспен қамту және өз кәсібін ашу үшін несие, мемлекеттік қайтарымсыз грант алуға түсіндірмелік жұмыстар тұрақты ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру» аясында электронды «Google» платформада «Өмірлік дағдыларына қажетті оқыту курстарын анықтау» мақсатында 1035 жұмыссыз жастардың қатысуымен сауалнама алынды, жүргізілген талдау нәтижесімен (Қызылорда қаласы — 130 (12,7%), Байқоңыр қаласы — 24 (2,3%), Сырдария ауданы – 37 (3,6%), Жалағаш ауданы — 70 (6,8%), Қармақшы ауданы — 110 (10,7%), Қазалы – 130 (12,7%), Арал – 175 (17,1%), Шиелі — 208 (20,3%), Жаңақорған ауданы — 140 (13,7%) жастардың қазіргі таңда трендке айналған мамандықтары арасында СММ таргетолог, мобилография, веб дизайнер, adobe photoshop, barbershop, визажист, косметолог, аспазшы, кондитер, көлік жөндеу, тігінші, агроном, дәнекерлеуші, ағаш ұстасына сұраныстың артқаны байқалды.

Бұл ретте, келесі бағыттағы жұмыстар Қармақшы ауданында 42 жастың қатысуымен «Таргетолог», «Мобилограф» оқыту курстары жүргізілсе, Шиелі ауданында аталмыш топтағы 47 жастың қатысуымен SMM, таргетолог, мобилограф, қас және кірпік ламинациялау техникасы бойынша оқыту шараларды өткізілді.
Әрі қарай бұл бағыттағы жұмыстар онлайн негізде жалғасын табатын болады.

СырЖастары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: