Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ауған соғысының ардагерлері марапатталды

13.02.2023

1234 0

Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай жиын өтті.

1979 жыл 25 желтоқсан және 1989 жыл 15 ақпан. Бұл екі даталы күн естен кетпейтін тарихта ізі қалған жылдар мен күндер. 1979 жыл 25 желтоқсан – Ауғанстан жеріне Кеңес Одағы жауынгерлерінің жіберілген күні. 1989 жылдың 15 ақпаны – Ауғанстан жерінен  Кеңес әскерлерінің шығарылған күні.

Қазіргі таңда Полиция департаментінде 1 Ауған соғысының ардагері қызмет атқарса,   19   ардагер ішкі істер органындарынан  зейнетке шыққан.Олар   Оспанов Жарас , Байтлеуов Мейрамбек, Ибадуллаев Нұрсұлтан , Ерманов Асқар, Тасанов Мұрат, Есмаханов Серикбай, Жорықбаев Батырхан, Мұратбаев Марат, Сыздықов Қуанышбек, Жүсүпов Рашид, Саменов Сабыр, Шабдаров Серик, Тәжіғұлов  Сәбит. Шара барысында Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Утегенов Амиржан  Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі бүгінгі жастарға мықты тәлім болатынын айта кетіп, мұндай кездесулердің жас қызметкерлерді тәрбиелеуде негіз болатынын білдірді.

   «15 ақпан Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 34 жыл» толуына орай және еліміздің амандығын,  тыныштығын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін Ауған соғысының ардагерлері Қызылорда облысы Полиция департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: