Ауғанстаннан Алматыға Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметкерлері мінген екінші ұшақ келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы БҰҰ баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді», – деді БҰҰ баспасөз қызметінен.
Қазір барлық жолаушы карантинде, олар ПТР тест тапсырды. Қазір тест нәтижесін күтіп отыр. Айта кету керек, барлық қызметкерлер вакцинацияланған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!