Жұма, 15 тамыз, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№60,2173
12.08.2025
PDF мұрағаты

Аумақтан тыс соттылық: мәні мен құқықтық негіздері

15.08.2025

40 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Аумақтан тыс соттылық – бұл белгілі бір істі қарау құзыретінің іс жүргізу аумағынан тыс орналасқан сотқа берілуін көздейтін ерекше құқықтық институт болып табылады, ол сот төрелігін тиімді жүзеге асыру, сот жүйесінің объективтілігі мен бейтараптығын қамтамасыз ету, сондай-ақ процестік шығындарды азайту және іс жүргізу мерзімдерін қысқарту мақсатында қолданылады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық, азаматтық және әкімшілік процестік заңнамаларында аумақтан тыс соттылықтың қолданылу тәртібі мен негіздері нақты реттелген, атап айтқанда, Қылмыстық-процестік кодекстің 49-бабында, Азаматтық процестік кодекстің 33-бабында және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 27-бабында соттылықты өзгерту немесе істі басқа сотқа беру жағдайлары көзделеді. Мұндай шаралар, әдетте, істі қарауға уәкілетті соттың объективтілігін қамтамасыз ету мүмкіндігіне күмән туындаған кезде, істің барлық қатысушылары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау қажеттілігі туындағанда, сондай-ақ табиғи апат, төтенше жағдай немесе сот ғимаратының уақытша жұмыс істемеуі секілді форс-мажорлық мән-жайлар орын алғанда қолданылады.

Аумақтан тыс соттылықты қолдану туралы шешім сот төрелігін жүзеге асыруда бейтараптықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына жол бермеу және сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданады. Бұл институт сот жүйесіндегі сенімді арттыруға, дауларды әділ әрі жедел шешуге және құқық үстемдігін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, аумақтан тыс соттылықтың тиімді жүзеге асырылуы соттар арасындағы үйлесімді іс-қимылды, істі қарау барысында туындауы мүмкін мүдделер қақтығысын болдырмауды және сот төрелігіне қолжетімділікті арттыруды қамтамасыз етеді. Осылайша, аталған құқықтық тетік еліміздің сот жүйесінің сапасын арттыруға, азаматтардың әділ сотқа жүгіну құқығын толық көлемде іске асыруына және сот төрелігінің беделін нығайтуға бағытталған маңызды құрал болып табылады.

 Ердәулет Бақытжан,
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының жетекші маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: