Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ауруханада балаларға берілген тамақтан жәндік шықты

11.08.2023

723 0

Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасында тамақтан берілген жәндік шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желі беттерінде облыстық балалар ауруханасынан түсірілген видео тарады. Желі қолданушысының шағымында түскі асқа берілген тамақтың ішінде жәндік табылғаны айтылаған.

«26 ш/а орналасқан балалар ауруханасындамын. Түскі асқа берген тамақта жәндік жүр. Балалар қалай тамақ ішеді «,- дейді тұрғын өз шағымында. 

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы әкімшілігінің хабарлауынша, бұл тамаққа қатысты келіп түскен алғашқы шағым. 

«Қазіргі уақытта аурухананы байқау негізінде жеңімпаз болып, шарт жасасқан Алимбетова Ж.К. тамақпен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар жәндік жалпы тағамнан емес, диеталық тамақтан анықталған. Шағымданушының арызы бойынша жауаптыларға ескерту жасалды. Қазір басшылық құрамы шақыртылып, қызметтік тексеріліс жүргізілуде. Егер емделушілердің шағымы бар болса науқастарды қолдау қызметі және ішкі аудит бойынша байланыс телефоны: 210-240 нөміріне хабарласу мүмкіндігі бар»,- деді «Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: