Аутизммен ауыратын балаларға өлім тілеген блогер жұрттан кешірім сұрады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогердің мәлімдемесі
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода блогер бұл әрекетке эмоция әсерінен барғанын айтқан.
«Ауыр пікір жазғанымды қаншама ата-ана жекеме шығып жатқан соң түсіндім. Аутист диагнозы осындай көп деп ойламаппын. 2 жасар бала өзімнің баламмен жасты болған соң, сол баланың орнына өз баламды лақтырып жібергендей сезім болып, ашуға беріліп айтып қойдым. …Шын көңілмен кешірім сұраймын», – деді ол.
Министрлік пікірі
Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті осы жайтқа пікір білдірді.
«Баланың құқығын жоққа шығаратын немесе зорлық-зомбылықты ақтайтын кез келген мәлімдеме заңға ғана емес, қоғамның адамгершілік қағидаттарына да қайшы. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балалардың, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқығын қорғау мемлекеттің ерекше назарында», – деп жазылған хабарламада.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!