Сейсенбі, 26 қараша, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ауыл әкімдері форумында жаңа тұжырымдама талаптары талқыланды

26.11.2024

73 0

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес өңірімізде алғашқы рет 2021 жылдың 25 шілдесінде 40 ауыл, кент әкімдері тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланды. Қазіргі таңда өңіріміз бойынша аудандық маңызы бар қалалар мен кенттердің, ауылдық округтердің жалпы саны 146. Оның ішінде, 2-і аудандық маңызы бар қалалардың, 12-і кенттердің әкімі болса, қалған 132-і ауылдық округтердің әкімі. Осы әкімдердің ішінде әйелдердің саны 3. Әкімдердің орташа жасы 47 жасты құраса, оның ішінде 35 жасқа дейінгі жас әкімдер саны – 8. Барлық әкімдердің мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 12,2 жылды құраса, атқаратын лауазымдағы орташа еңбек өтілі 3,9 жылды құрайды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында: Мемлекет пен қоғам қатынасының «төрешіл» моделінен басқарудың проактивті, сервистік және азаматтардың сұраныстарына ден қойғыш нысанына көшу мемлекеттік органдар үшін негізгі мақсат болуға тиіс делінген. Сол арқылы халық өз үніне құлақ астырып, өзі үшін маңызды шешімдерді таңдауға мүмкіндік алады, бұл өз кезегінде, мемлекетке деген сенім деңгейін арттырады және «адамға бағдарланған» мемлекетті қалыптастырады деп көрсетілген.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің қағидаттарына сәйкес, клиентке бағдарлану дегеніміз бұл – мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толықтай бағдарлай отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және жолданымдарды қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуресарсаңға салуға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау. Аумақтық департаментпен жүргізілген талдауларды алып қарайтын болсақ, клиентке бағдарлану қағидатын ұстану бағытында ауыл әкімдері тарапынан біраз мәселелердің бар екенін аңғартады. Мысалы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу барысында 14 ауыл әкімдерінің әкімшілік жазаға 2 тартылғаны анықталып отыр. Барлығы жер қатынастары саласына қатысты мерзім бұзушылықтарға жатады. Сонымен бірге, қазіргі таңда мекеме басшылары тарапынан барлық қабылданатын шешімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Тәжірибеде осы ЭЦҚ-ды пайдалану кезінде де кемшіліктер бар. Ескеру қажет, егер электрондық қолтаңбаны пайдалау тәртібі бұзылған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 640-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағытында да ауыл әкімдеріне қатысты қозғалған тәртіптік істер соңғы екі жылда да жалғасып келеді. Өткен жылы 1 кент және 4 ауыл әкімдеріне қатысты істер қозғалған болса, биыл 1 ауыл әкімінің тәртіптік ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Негізгі анықталған кемшіліктер мемлекеттік сатып алу заңнамасына байланысты. Орын алған кемшіліктерді алдағы уақытта қайталап болдырмау үшін Әдеп жөніндегі кеңеспен нақты ұсыныстар енгізіліп отырады. Сонымен бірге, академия филиалымен бірлесіп оқыту курстары, соның ішінде «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы бойынша барлық аудандарда көшпелі оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде «ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығы қабылданды. Тұжырымдамада көрсетілгеніндей, жүргізіліп жатырған реформалардың серпіні, сондай-ақ елдің қоғамдық–саяси, әлеуметтік экономикалық өмірін жаңғыртуға, азаматтардың әл-аухатын жақсартуға бағытталған түбегейлі қайта құрулардың ауқымы мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту қажеттілігін негіздейді. Мемлекеттік қызметтің сервистілік және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделген моделін құруға бағыт алынды. Мемлекеттік қызметтің гибридті моделіне көшу бойынша жұмыс басталды (бірегей кәсіби тәжірибесі мен әлеуетін ескере отырып, мамандарды тікелей іздеу). Бұл мансаптық және позициялық модельдердің ең жақсы ерекшеліктерін біріктіреді. Бұған дейін енгізілген жаңашылдықтарға тоқталып өтейін.

Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы: – кадрларды іріктеудің жаңа автоматтандырылған жүйесі енгізілді

– жаңа біліктілік талаптары бекітілді;

– қызметшілерді бағалаудың жаңа жүйесі;

– келісімшарттық қызметшілер институты енгізілді;

– өңірлік кадр резервін қалыптастырылды.

23 тамыз күні кадр комиссиясының шешімімен 25 үміткер (226 адамның ішінен) Өңірлік кадр резервіне алынды. Бүгінгі таңда осы 25 үміткердің 4-і конкурстық іріктеусіз бос тұрған лауазымдарға, оның ішінде 3-і басшы лауазымдарға тағайындалды. Бір резервші жақында ҚР Президентінің Әкімшілігіне тағайындалды. Алдағы екі жыл ішінде кадр резервіне қабылданған әрбір үміткер жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге, 2023 жылдан бастап Мемлекеттік грантпен оқуын жақсы нәтижемен бітірген түлектер де конкурстық іріктеусіз төмен тұрған бос лауазымдарға тағайындала бастады. Мысалы, осы кезеңге дейін 9 жас маман қызметке орналасты. Бұдан арғы шаралар мемлекеттік қызметтің дарынды адамдар үшін тартымды болуына, патриотизмнің жоғары стандарттары мен ұлттың (қоғамның) мүддесіне адал қызмет ететін кадрларды ұстап қалуды және кәсібилендіруді қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Мемлекеттік қызмет қоғамның сенімі болған жағдайда ғана жұмыс істей алады. Мемлекеттік қызметтің жаңа миссиясы ел азаматтарының қажеттіліктеріне назар аудара отырып, мемлекеттік қызметшінің келбетіне қойылатын талаптарды қалыптастырады. Бұл – өз Отанына деген адалдық, ел мүддесі үшін құрбандық пен батылдыққа дайын болу.

Жоғарыда айтылып өткен тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру жүйесі, әлеуметтік пакет және олардың құқықтық қорғалуы мәселелеріне қатысты көптеген өзгерістер енгізілетін болады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін олардың кәсіби қызметіне байланысты қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар 4 қабылданады. Бұдан басқа, әлеуметтік кепілдіктер жүйесі барлық қызметшілердің санаттары үшін кезең-кезеңімен кеңейтіліп, әлеуметтік медициналық сақтандыруды, спорттық-сауықтыру кешендеріне қолжетімділікті, психологиялық қолдауды қоса алғанда, мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасылары үшін корпоративтік әл-ауқат бағдарламаларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Е. Мендалиев

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы,

 Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: