Сәрсенбі, 08 қазан, 13:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағаттаған (видео)

08.10.2025

140 0

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында ауыл әкімі тұрғындармен сөзге келіп, балағат сөз айтқан сәттің бейнежазбасы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға Зайсан ауданының Шілікті ауылдық округінде болған. Кадрларда ауыл тұрғындарының әкімнің қабылдауына келіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойып жатқан сәті көрінеді. Әңгіме барысында екі тарап арасында дау туындап, шенеунік өзін ұстай алмай, бейәдеп сөздер айтқан. Бейнежазбада полиция қызметкері де бар. Бір әйел тәртіп сақшысына «неге ешқандай шара қолданбайсыз?» деп сұрақ қояды, алайда ол еш жауап бермейді.

Әкімге бұл сауалдар ұнамаған болуы керек, ол ашуға беріліп, бейәдеп сөздер айтып, агрессия танытқан. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аталған оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Қуаныш Төлеуханнан ресми түсініктеме талап етілгенін хабарлады. Материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

Айта кетейік, Қуаныш Төлеухан Шілікті ауылдық округінің әкімі қызметіне 2025 жылдың 24 шілдесінде тағайындалған. Яғни, оның лауазымда отырғанына үш айға да толмаған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жасөспірім полиция қызметкерін «қоқыс» деп балағаттағанынжазған едік. Оқиға 21 тамыз күні Ақтауда болған. Патрульдік полиция мемлекеттік нөмірі жоқ мопедті тоқтатып, тізгінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғанын анықтаған. Көлікті тәркілеу барысында жасөспірім полиция қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтып, балағаттаған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: