Сейсенбі, 08 шiлде, 15:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

Ауыл мектебінің абыройын арттыратын жоба

08.07.2025

50 0

Бүгінде еліміздегі мектептердің басым бөлігі ауылда орналасқан. Бірақ сол ауыл мектептерінің көбі – шағын жинақты мектептер. Яғни, оқушысы да, мұғалімі де аз, жағдайы да шектеулі. Осыдан келіп, қала мен ауыл арасындағы білім сапасында айырмашылық пайда болады. Осы теңсіздікті азайту үшін өткен жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» деген жоба басталды. Бұл ауылдағы білім сапасын көтеруге бағытталған нақты қадам.

Жоба аясында бірнеше облыста ауыл мектептерінің жағдайын жақсартуға арналған бастамалар қолға алынды. Мысалы, Ақтөбе облысында – цифрлық технологиялар арқылы оқыту күшейтілсе, Алматы облысында – жаратылыстану-математикалық пәндерге басымдық беріліп жатыр. Басқа өңірлерде де осындай ерекше бағыттар жүзеге асып келеді.

Ауыл мектептері заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, интернетпен қамтамасыз етілді. Ең бастысы – онлайн білім берудің тиімді моделі іске қосылды. Бұрын бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүрсе, енді әр баланы өз саласының маманы оқыта бастады. Бұл балалар үшін де, мұғалімдер үшін де үлкен мүмкіндік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: