Бүгін қаланың екі аймағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Жалағаш ауданының шаруалары 45 жүк көлігімен 150 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді. Атап айтқанда, 40 тонна күріш, 3 тоннадан астам ет пен балық өнімдері, 1 тоннадан астам сүт өнімдері, 40 тонна картоп, 10 тонна сәбіз, 20 тонна пияз, 10 тонна асқабақ, 12 тонна көкөніс, 4 тонна қызылша
базар нарығынан 15-20 пайыз арзан бағада босатылуда.
Бұдан бөлек, жәрмеңке С.Торайғыров көшесінің бойында Арал ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтуде. Аралдық шаруалар 30 тоннадан астам азық-түлікті тұрғындарға арзан бағада ұсынуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!