Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ауылдарға жол салып, жарық жаққан бағдарлама

17.11.2021

1264 0

Ауыл – елдің алтын қазығы. Қазақы құндылықтарымыздың қайнар бұлағы. Әлеуметтің әлеуметтік ахуалының артуы ауылдарға тікелей байланысты. 2019 жылы қабылданған «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – халық қажетін өтеу.

«Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасын қабылдадық. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі ең­бегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек», – деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Осы ретте жол жөндеу, жарық шамдар орнату, бордюр қою секілді жұмыстар атқарылып келеді. Бағдарлама аясында бү­гінге дейін облыс орталығында сан алуан жұмыстар атқарылды. Биылдың өзінде қалаға қарасты Талсуат пен Қосшыңырау ауылдық округтерінің әрқайсысында 5 көшеден жөнделді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қосшыңырау ауылдық округінде 5 көше жөнделді. Оның ішінде Абай ауылындағы №1, №5, «Қырман» көшесіне және Досан елді мекеніндегі №1, №9Б көшелері асфальтталды. Елді мекен тұрғындары бұған дән риза. Алдағы уақытта да осы бағыттағы істер ретімен жалғаспақ. Мұның барлығы ауыл халқының тұрмыстық әл-ауқатының артуына септігін тигізбек, – дейді Қосшыңырау ауыл­дық округі әкімі Сейдуали Әбдіқадыров.

Бағдарлама игілігін көрген тағы бір елді мекен – қала іргесінде орналасқан Талсуат ауылдық округі. Мұнда 2 мыңнан аса халық бар. Тұрғындардың басым бөлігі кәсіп­керлікпен айналысады. Өткен жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы ая­сында 4 көшеге күрделі жөндеу жүргізілген. Оның екі көшесі «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы негізінде іске асырылды. Қалған екеуі қала бюджетінен қаржыландырылған.

 – Ауылдық округте 31 көше бар. Оның 7,8 шақырымы асфальтталып, 6,3 шақырымына қиыршық тас төселген, 4,2 шақырымы қара жолдар. 2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Талсуат ауылдық округіндегі 3,4 шақырым болатын Ақмешіт, Алматы, Орынбор, Арал, Атырау көшелеріне орташа жол жөндеу үшін 66236 мың теңге, қалалық бюджеттен 7359 мың теңге қаражат бөлінді. «Абу-Жүсіп» ЖШС Алматы және Арал көшелеріне, «РеалСтройСнаб»ЖШС Ақмешіт және Орынбор көшелеріне асфальт төсеп, арнайы комиссия тексеріп пайда­лануға берілді. Ал Атырау көшесіне орташа жөндеу жұмысы басталып, жақын арада аяқталады деп жоспарлануда. Мұның бар­лығы ел өркендеуінің негізгі тетігі болып отыр. Салынған жолдар заманауи талапқа сай келеді, – дейді Талсуат ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Айнагүл Жайдариева.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы басталғалы 3 жыл ішінде Сыр өңірінде 11 миллиард теңгеден асатын 173 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. 2019 жылы 31 жоба арқылы 54 адам жұмыспен қамтылса, 2020 жылы аймағымыздың 8 елді мекенінде құны 4,2 миллиард теңгені құрайтын 60 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 2019-2020 жылдары аталған бағдарлама бойынша 955 жаңа кәсіпкерлік нысан ашылып, жұмыссыздық деңгейі 5 процентке қысқарды.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: