Дүйсенбі, 03 ақпан, 18:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Азық-түлік бағасы 5,5 пайыз қымбаттаған

03.02.2025

9 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

2025 жыл басында Қазақстандағы жылдық және айлық инфляция қарқын алған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жылдық инфляция 8,9%-ды құраған. Ал айлық инфляция 1,1% болды, – деп хабарлайды kursiv.media.

Желтоқсан айында жылдық инфляция 8,6% болған еді. Инфляцияның қарқын алуына азық-түлік тауарлары мен коммуналдық қызмет құнының көтерілуі себеп болған.

Азық-түлік қалай қымбаттады?

Жылдық мәнде ақылы қызмет құны 13,8% қымбаттаған. Азық-түлік бағасы 5,5% қосса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар құны 8,4 пайыз қосты.

Қаңтарда инфляция деңгейі республиканың он екі өңірінде орташа республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Әсіресе, Астана қаласы (11,2%), Қарағанды (9,9%), Батыс Қазақстан (9,7%) және Солтүстік Қазақстан (9,6%) облыстарында инфляция қарқын алған.

Жалпы, соңғы айларда Қазақстанда инфляцияның біртіндеп өсіп келе жатқаны байқалады.  Қазақстан қаржыгерлерінің сауалнамасына қатысқан сарапшылар 2025 жылы инфляция 9,4%-ға дейін өсуі мүмкін деген болжам жасаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: