Жұма, 02 қаңтар, 00:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда

01.01.2026

51 0

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың елімізде инфляция деңгейін төмендету, азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында берген тапсырмасына сәйкес, Сауда министрлігімен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі 19-дан 31-ге кеңейтілді.

Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда

Тізілімде бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (қалыптық), рожки, қарақұмық жармасы, ақталған күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызанақ, қияр, алма, түйіршіктелген қант, әртүрлі ет (сиыр, қой, жылқы), балық, тауық еті, тауық ұшасы, майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейін сүт, майлылығы 2-3% айран, қаймақ, майлылығы 5-9% сүзбе, қатты ірімшік, сары май (тұздалмаған, толтырғыштар мен өсімдік майларынсыз 72,5%-дан 80%-ға дейін), тауық жұмыртқасы (I санат), қара шай, ас тұзы өнімдері бар.

Үкімет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев сала өкілдерімен бірге, облыс орталығындағы Сұлтан-2, ҚызылордаОптомаркет, Small сауда желілері мен әлеуметтік дүкенді аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жай-күйіне, бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты бақылауда

Мақсат – азық-түлік тауарлары бағаларының тұрақтылығына көз жеткізу, сөрелерде азық-түлік тауарларының қажетті қорының болуын қамтамасыз ету.
Сауда желілерінің сөрелерінде өнім толық, баға тұрақты және тауарларға мерекелік жеңілдіктер ұсынылуда.

Сауда субъектілерімен кездесуде облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев бағаны тұрақты ұстау және оның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша тапсырма берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: